Баланы тіс тазалауға қалай үйрету керек?

Баланы тіс тазалауға қалай үйрету керек?
Фото: Orthodontics and Dentistry for Kids

Үш жастан бастап балаға тіс тазалаудың маңызын түсіндіріп, үйрету аса маңызды. Медицина ғылымының магистрі Сәуле Нұрақыш осыған қатысты 5 кеңес ұсынады.

1. Өзіңіздің тіс тазалап көрсеткен әдетіңіз – көрнекі құралыңыз.

2. Жүйелі түрде таңертең және кешке тіс жууды әдетке айналдырғаныңыз дұрыс.

3. Баланың қызығушылығын арттыру үшін жақсы көретін мультфильм кейіпкерлері бар тіс пастасымен тіс щеткасын алып берген жөн.

4. Тіс тазалау процесі қызық әрі пайдалы болуы үшін арнайы құмсағат сатып алып, қойып қойыңыз.

5. Тісін жуып болған соң, баланы мақтап қойыңыз.

Бала кезде сүт тісі сөйлеуге әсер етеді, оған қоса тамақтың дұрыс қорытылуына және асқазан-ішек жолдарының қалыптасуына ықпалы бар. Қатты тағамды шайнау арқылы олар қалыпты тістенудің дамуына көмектеседі, тұрақты тістерге "орын ұстайды".

А. Рысдәулет