Сингапурда саламатты өмір салтын ұстайтындарға ақы төленеді

Apple Watch сағатын қолданатын Сингапур тұрғындары саламатты өмір салтын ұстап, дұрыс тамақтанып және ұйқы режимінін сақтаса, 380 сингапур долларына дейін ақша таба алады. Бұл туралы ел билігі мен Apple арасындағы келісімшартта жазылған.

Науқан екі жыл бойы өтеді. Оған Apple смартфоны мен сағатын ұстайтын, денсаулығына бей-жай қарамауға тырысатын сингапурлықтар қатыса алады. Қатысушылар LumiHealth бағдарламасына тіркелуі керек, мұнда олардың әдеттері жинала береді. Белгілі бір жетістікке жеткенде, олар ақшалай сыйақыға ие болады.

©apple.com

"Әлемдегі ахуалға қарамастан біз болашаққа инвестиция жасауды тоқтатпауымыз керек. Өз денсаулығыңа салған инвестициядан артығы жоқ", - дейді Сингапур премьер-министрінің орынбасары Хең Суи Кит.

Бағдарлама қатысушыларға азық-түлікке, денсаулыққа қатысты кеңес беріп отырады.