Дәріні шырынмен ішудің зияны

Жеміс-жидектің ағзаға өте пайдалы екенін бәріміз білеміз. Әсіресе, дәрумені мен пайдалы заттары көп цитрустың – грейпфруттың адам ағзасына берер пайдалы әсер мол. Оны кейде шырынға айналдырып та ішеміз. Одан оның құнары мен нәрі жоғалып кетпейді.

Алайда дәрі ішерде грейпфруттың өзін жеуге, шырынын ішуден барынша сақтанғаны абзал. Олай етпесе, дәрінің адам ағзасына әсері болмай қалуы мүмкін. Тіпті уланып қалуы да мүмкін.

Адамның бауыры мен ішегінде зат алмасуға қатысатын СYP3A4 ферменті болады. Ол ағзаға түскен дәрілік заттарды қорытуға не шығарып тастауға да қатысады. Ал грейпфруттың құрамындағы белсенді зат – фуранокумарин осы ферментпен реакцияға түсіп, оның жұмысын күшейтіп не әлсіретіп жіберуі мүмкін. Фермент күшейіп кетсе, адам ағзасында дәрі қалдықтары жинақталып қалады. Ал әлсіресе, дәрінің адамға пайдасы болмай қалуы ықтимал.

Жалпы фуранокумарин адам ағзасына түскеннен кейін 72 сағат бойы "өмір сүреді". Сондықтан дәрі ішіп жүргенде мүлдем грейпфрут жемеген жөн.