Бомбей феномені – әлемде сирек кездесетін қан тобы

Бомбей феномені – әлемде сирек кездесетін қан тобы
Фото: yandex.kz

Адамда қан тобының төрт түрі болатыны белгілі. Бірінші, екінші және үшінші қан тобы жиі кездеседі, төртіншісі өте сирек.

Қан құрамында антиденешік қалыптастыратын антиген атты агглютиногендер болады. Әр қан тобында бұлар әртүрлі. Мәселен, екінші топта А антигені, үшінші топта В антигені болса, төртінші топта екеуі де бар, ал біріншісінде жоқ. Есесіне бірінші топта екінші, үшінші және төртінші топтағы антигендерді жасауға шығарушы материал болатын Н антигені болады.

Қан тобы – негізінен тұқым қуалайтын құбылыс. Мәселен, екінші және үшіншің топтағы ата-аналардың баласының қаны төрт топтың кез келген біреуі болуы мүмкін. Ал бірінші топтағылар болса, онда баланікі де бірінші болмақ. Бірінші және төртінші топтағы ата-аналардың балалары екінші не үшінші топтың қанын алмақ.

Бірақ тұқымында жоқ қан тобына жолығып қалатын балалар болады. Мұны бомбей феномені немесе бомбей қаны дейді.

Қ. Слямбек