Ұйқы жайлы деректер

Адам ұйқыға мұқтаж. Ағза ұйқы арқылы қалпына келеді. Ұйқыда жатқан адамың зат алмасымы жеделдейді. Сөйтіп шаршаған мүшелерге қажетті заттар жеткізіледі. Ұйқы жайлы басқа қандай деректер біледі екенбіз? Соны қарап көрелік...

Адам шамамен өмірінің 25 жылын ұйқыда өткізеді.

Ас-сусыз адам екі аптадай өмір сүреді, ал ұйқысыз 10 күн-ақ. Бірақ адамның ұйқысыз жүрген рекордты 18 күн, 21 сағат, 41 минут болған. Тәжірибе жасалған адамның бұл уақыттың ішінде есте сақтауы, көру, естуі, сөйлеуі мен ой жинақтауы нашарлап, жүрегі ұстаған, галлюцинация мен паранойяға тап болған.

Ғалымдар ұйқыны бұзатын күйзелістің 84 түрін анықтаған.

Адамды қинау мен оған зорлық көрсетудің ең тиімді тәсілі – ұйқы бермеу екен.

Күніне 6 сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың қанында қатерлі ісік қоздырғыштары бірнеше есе көбейіп кетеді.

Күндіз сағат 14.00 бен 16.00 аралығында ұйықтаған өте пайдалы. Мұндай ұйқы ағзаны тез қалпына келтіреді. Түскі ұйқы шығармашылықты шыңдайды.

Қорылдап жатқан адам түс көрмейді.

Жер бетіндегі адамдардың 5 пайызының ұйқысы тез қанатындар. Көбісіне 8 сағаттық ұйқы қажет болса, бұларға 6 сағаттан кем ұйқы жеткілікті.

Дұрыс ұйықтамаған әрбір алтыншы адам жол апатына ұшырайды.

Адамның миы ұйықтаған кезде күндіз ойлаған ойларының шешімін табуға ақпарат іздеп, жұмыс жасайды. Ерте тұрғанның ырысы артық деген содан шыққан.

Ұйықтаған кезде адам иіс пен дәм сезуі жоғалады, өрт пен улы газ тарағанда адамның ес-түссіз ұйықтап қалатыны содан.

Қазіргі адамдардың 90 пайызы түсінде түрлі-түсті бейне елестейді. Өйткені қазіргі гаджет пен теледидар түрлі-түсті.

Адамның түсінде көрген түсті заттарына қарай ауруын анықтауға болады. Мәселен, көк пен жасылды көп көретіндердің денсаулығы жақсы, ал қызылды көретіндердің инфекциялық ауруға шалдыққанын, сары түс – асқазан, ішек жолы ауруларын, қара түс – ашу мен ызаның көбейгенін білдіреді.

Зағип жандар да түс көреді, бірақ түсі иіске, дыбыс пен сезімге құрылған.