Иммун жүйесін қалай күшейту керек?

Иммун жүйесін қалай күшейту керек?
Фото: Cambridge Independent

Медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарман қырық жыл уақытын иммун жүйесін зерттеуге арнаған. Назарыңызға ғалымның иммун жүйесін күшейтуге қатысты кеңесін ұсынамыз.

Вирус ағзаға түскенде иммун жасушалары мен молекулалары қорғану үшін жиналады. Олар аз мөлшердегі вирусты тез арада жоюға қауқарлы. Алайда көп мөлшердегі вирусқа қарсы күресу оңайға соқпайды. Ол үшін иммун жүйесі алдын ала дайын болуы қажет. 

Иммунитет дайын болмаған сәтте вирус еш кедергісіз өкпеге де, өзге органдарға да түседі. Мұның алдын алу үшін иммун жүйесі миллиондаған вирус пен бактерияға қарсы күресуге дайын болуы керек. 

Иммун жүйесі вирустың түрін анықтаған соң өзіне ұқсас мыңдаған Т және В жасушылары пайда болады. Бұл ағзаның вируспен күресетін әскері істпеттес. Жасушалар антиденелерді түзу арқылы күреседі. Олар вирустың көбейіп кетпеуіне кедергі жасап, өзге мүшелерге таралмауына жол бермейді. Антиденелер вирусты жеңгеніне қарамастан ешқайда жоғалмай, кез келген сәтте тосқауыл беру үшін дайын болады. 

Өкінішке қарай, көп жағдайда иммун жүйесі жедел жина алмай, коронвирусқа тосқауыл бола алмайды. Мұндайда коронавирус ағзаны оңай жаулап алады. Ғалымдар коронавирустан қорғану үшін антиденелер ғана жеткіліксіз деп есептейді. Дегенмен ағза инфекциямен күресу үшін түрлі әдісті қолданады. Осыны ескеру керек.

Коронавирус пен өзге инфекциялармен күресу үшін иммунитетті нығайту керек. Бұл үшін не істейміз? Иммунитетті нығайтып, оны күшейтетін арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Тек уақытылы тамақ ішіп, жаңа піскен көкөніс пен жеміс жеген дұрыс. Олардың құрамында иммунитетті күшейтетін А, В6, С, D, Е витаминдері, фолий қышқылы, мырыш, селен, темір бар. Бұған қоса саламатты өмір салтын ұстанып, зиян әдеттерден бас тарту қажет. 

Сонымен қатар, ішек микробтарының баланста болуы маңызды. Ашымал сүт өнімдері мен ашытылған азық-түліктегі микробтармен ішек микробиомасын баланста ұстауға болады.

А. Рысдәулет