Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар

Ана сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын ем бар
Фото: aqreqator.az

Коронавируспен ауырған әйелдің сүтінде баланы коронавирустан қорғайтын антидене түзілетіні белгілі болды. Мұны Пекин биотехнология институты мен АҚШ-тың Калифорния штатындағы Мерсед университетінің мамандары анықтады.

Мамандардың сөзіне қарағанда, ана сүтінде баланы түрлі ауру-сырқаудан, вирус пен бактериялардан қорғайтын денешіктер болады. Бұл денешіктердің арасында баланы коронавирустан қорғайтын арнайы антидене де бар болып шықты.

Мамандар ана сүтімен коронавирусқа шалдыққандарды емдеуге болады дейді. Алайда мұның теріс жақтары да бар. Ана сүтінен жасалған дәрі-дәрмек бағасы өте қымбат болады әрі ана сүтінен өзінде ауру қоздыратын басқа да вирустар шығуы мүмкін.

Қ. Слямбек