Денсаулық кодексі: Ата-аналар балаға екпе жасатуға міндетті

Денсаулық кодексі: Ата-аналар балаға екпе жасатуға міндетті

Мәжіліс депутаттар бүгін Халық денсаулығы және денсаулық сақтау кодексіне енгізілген өзгерістерді мақұлдаудың екінші оқылымын өткізді. Кодекске енгізілген өзгерістердің арасында балаларға міндетті түрде екпе жасау туралы толықтыру бар. Мұны Tengrinews.kz хабарлады.

Кодекске ұсынылған толықтырулардың арасында балаларға екпе жасатуға ата-аналар «міндетті» деген сөздің орнына «құқығы бар» деп өзгерту және екпесі жоқ балаларды балабақшаға қабылдау туралы бап болған. Алайда мәжіліс депутаттары бұл екі толықтыруды қабылдамады.

- Екпенің екі түрі бар: бірі – міндетті, екіншісі – еркіне қарай салынатын екпе. Ал балалар балабақшаға «ұжымдық иммунитетінің» қалыптасу деңгейіне қарай алынады, - дейді мәжіліс депутаты Зауреш Аманжолова.

Ал міндетті екпелерге гепатит А (В15), вирусты гепатит В (В16), b типті гемофильды инфекция (В96.3), дифтерия (А36), көкжөтел (А37), қызылша (В05), қызамық (В06), пневмококты инфекция (В95.3), полиомиелит (А80), сіреспе (А33-А35), туберкулез (А15-А19) және эпидемиялық паротит (В26) жатады.