Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 5 мыңға жуықтады

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 4946-ға жетті, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты. 

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 мамыр 18:40-тағы эпидемиологиялық жағдай: 2020 жылғы 9 мамыр 18:40. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 жағдай тіркелді", - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы - 3,
Батыс Қазақстан облысы - 6,
Қарағанды облысы - 2,
Нұр-Сұлтан қаласы - 1,
Атырау облысы - 5,
Шығыс Қазақстан облысы - 5,
Түркістан облысы - 2.

Қазақстан бойынша барлығы - 4946.