Елімізде коронавирустан жазылып шыққандар саны 1000-ға жетті

Елімізде коронавирустан жазылып шыққандар саны 1000-ға жетті
Фото: vk.com

Коронавирус індетінен тағы 5 адам емделіп шықты: Алматы қаласында 3 адам, Қызылорда облысында  2 адам. Осымен жазылып шыққандар саны 1000-ға жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы – 268, Алматы қаласы – 162, Шымкент қаласы – 38, Ақмола облысы – 75, Ақтөбе облысы – 16, Алматы облысы – 14, Атырау облысы – 71, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 48, Батыс Қазақстан облысы – 14, Қарағанды облысы – 68, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 129, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 5, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 45.

А. Оралқызы