Коронавирус диагностикасы

Коронавирус диагностикасы
Фото: anamed

Елімізде коронавирусқа диагностиканы арнайы жабдықталған медициналық мекемелерінде жүргізеді. Тестілеуді негізінен жоғары жұқтыру қаупі бар және жұқтырғандармен байланыста болғандарға жасайды.

Бұл жерде қандай диагностикалық әдістер туралы сөз қозғалып отыр?

Әдетте коронавирустық инфекцияны диагностикалау үшін тесттің екі түрі қолданылады. Біріншісі – COVID-19 инфекциясын тудыратын вирустың өзін анықтау. Оны полимеразды тізбекті реакция деп атайды.

Екіншісі антиденелердің, яғни коронавируспен күресу үшін ағзада өндірілетін иммундық молекулалардың болуын анықтайды. Ол серологиялық тест деп аталады.

Полимеразды тізбекті реакция технологиясын дәрігерлер бірнеше ондаған жыл бойы қолданып келеді. Мен де бұл технологияны алғаш рет 30 жыл бұрын америкалық университетте ғылыми жұмыс істеп жүрген кезімде қолданып едім. Қазірде мұны әлемдегі биомедициналық зертханаларында кез келген лаборанттар еш қиындықсыз қолдана алады.
Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) тесті осы сәттегі коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтай алады. Көптеген елдерде ПТР тестін жоғары дәлдікте сапалы өндіреді. Олардың кейбіреулерін Қазақстанда да қолданады. Сонымен қатар елімізде де жақында ПТР тестін зертханалық жолмен өндіруді үйренді, көп ұзамай оларды жаппай өндіріске жіберілетіні уәде етілуде.

ПТР-тесті коронавирустың нақты гендерінің болуын анықтайды. Сондықтан бұл жоғары спецификалық тест болып саналады және оны коронавирустық инфекция диагнозын растау үшін қолданады.

Алайда, ПТР үшін материал қалай алынатыны өте маңызды. Әдетте оны арнайы құрылғының көмегімен мұрын қуысы арқылы, жұтқыншақтан алады. Мұндай процедура емделушілерге қолайсыздық тудырады және бұл белгілі бір ептілікті талап етеді.

Осыған қатысты жалған теріс нәтиже болып жатады, яғни тест коронавирустың барын «көрмей қалуы» мүмкін. Ал мұндай жағдай 30 пайызында орын алады. Сондықтан да ПТР-тестілеу сапалылығы көп жағдайда анализ үшін биоматериалды жинаумен айналысатын медициналық қызметкерлердің икемділігіне байланысты.

Серологиялық тестке келетін болсақ, оны жүргізу үшін саусақтан қан алу жеткілікті және барлық процесс бірнеше минутқа созылуы мүмкін.

Серологиялық тест – антиденелердің екі түрін анықтайды. Оның біріншісі IgM-антиденелер. Олардың болуы коронавирустық инфекция әлі де денеде бар екенін куәландырады. IgM-антиденелер өміршең емес, жұққаннан соң бір-екі аптада жойылады.

Содан кейін олардың орнын IgG – антиденелер басады. Олар ағзада ұзақ уақыт бойы циркуляцияланады. Олардың болуы әдетте адамның коронавирус инфекциясымен бұрындары аурығанын білдіреді. Алайда, ғалымдар мұндай антиденелер адам ағзасында қанша жыл циркуляцияланып, оны коронавирустан қорғайтыны беймәлім.

Антиденелердің коронавирусқа тестілеуі әдетте жүктілік тестілеуін еске түсіреді. Бұл жағдайда аталған антиденелердің бір немесе екі түрінің бар-жоғын көрсететін индикатор екі жолақ болып табылады.

Серологиялық тест ПТР-ға қарағанда нақтырақ болып табылады. Тіпті бірқатар Еуропа елдері сапасы төмен болғандықтан Қытайда өндірілген кейбір тестілерден бас тартты деген хабарламалар да болды. Сондықтан да тестілерді елге әкелмес бұрын, оларда тиісті еуропалық сертификат болуы керек деп саналады.

Сонымен қатар, тестілер Қазақстанда Ұлттық референстік зертханадан да тексерілуі тиіс.Болат Өтемұратов қорымен және басқа да меценаттардың көмегімен елімізге әкелінген диагностикалық тестілер көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

Ең оңтайлы комбинация ПТР мен серологиялық тестілері болып табылады. Осылардың көмегі арқылы дәрігерлер аймақта нақты қанша адамның коронавирус жұқтырғанын және кімдерде иммундық қорғаныс барын анықтай алады. Бұл болашақта адамдардың вирустан иммунологиялық қорғалғанын білуге, өз жұмыс орындарына оралуына және ауруға шалдыққандарға қомқорлық етуге мүміндік береді. Бұл қоғамға және экономикаға эпидемия кезінде де қалыпты жағдайда жұмыс істеуді жалғастыруға мүмкіншілік бермек.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

А. Оралқызы