Елде коронавирус жұқтырғандар саны 1700-ден асып жығылды

Елде коронавирус жұқтырғандар саны 1700-ден асып жығылды
Фото: Freepik

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тағы 35 науқас тіркелді. Оның жартысына жуығы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Сонымен қатар, Алматы қаласында 2 адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Науқастар Алматы қаласы – 6, Шымкент – 5, Батыс Қазақстан облысы – 16, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Қызылорда облысы – 1, Алматы облысы – 3 және Түркістан облысы – 3 тіркелген. 

Дәл қазір елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1711-ге жетіп отыр. Олардың ішінде:

– Алматы қ. – 524,

– Нұр-Сұлтан қ. – 372,

– Қызылорда облысы – 148,

– Қарағанды облысы – 93,

– Ақмола облысы – 82,

– Атырау облысы – 80,

– Шымкент қ. – 67,

– БҚО – 62,

– Жамбыл облысы – 61,

– Түркістан облысы – 60,

– Алматы облысы – 44,

– СҚО – 30,

– Ақтөбе облысы – 27,

– Павлодар облысы – 26,

– Қостанай облысы – 15,

– Маңғыстау облысы – 12,

– ШҚО – 8.

 
А. Рысдәулет