Коронавирус ешқандай белгі бермеуі мүмкін

Ғалымдар коронавирусты жұқтырғандар саны ресми деректен әлдеқайда көп екенін айтады. Бұған COVID-19-дың симптомсыз қасиеті болатыны себеп.

Стэнфорд университетіндегі америкалық ғалымдардың тұжырымына сүйенсек, вирусты жұқтырған кейбір адамдар оны білмеуі мүмкін. Өйткені коронавирустың ешқандай белгі бермей өтетін қасиеті анықталды.

Ғалымдар 3,3 мың адамның қан анализін алып, зерттеу жүргізген. Қатысушылардың 4,5% ағзасында инфекция қарсы тұратын денелердің бар болғаны анықталды. 

Сондай-ақ, әлемде коронавирусты жұқтырғандардың тең жартысы аурудың ешқандай белгісі болмайды екен.