Алматыда 8 адам коронавирустан жазылып шықты

Алматыда 8 адам коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Олардың жетеуі бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста болған. Біреуі Санкт-Петербургтен ұшып келген. Барлығы 14 күндік үй карантинінде болады.

Осылайша Қазақстан бойынша жазылғандар саны 150-ге жетті. Ал вирус жұқтырғандардың саны - 1179.