Елімізде тағы 5 адам коронавирустан емделіп шықты

Елімізде тағы 5 адам коронавирустан емделіп шықты
Фото: inform.kz

Елімізде тағы 5 адам коронавирустан емделіп шықты. Олар: Жамбыл облысында 1 адам, Павлодар облысында 1 адам және Алматы қаласында 3 адам.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны жалпы 60-қа жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы – 30
Алматы қаласы – 26
Ақтөбе облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы - 1
Павлодар облысы - 1

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққандар саны 764-ке жетті. Қайтыс болғандар саны – 7.

Т. Раушанұлы