Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жүрек ауруының себепшілері
Жүрек ауруының себепшілері

Қазіргі таңда жер бетінде жүрек-қан тамырлары кеселіне шалдыққан адамдардың саны жыл санап артып келеді. Оның пайда болуына не себеп?

Теледидар көру: Тұрақты түрде дене жаттығулары жасалғанның өзінде сағаттап теледидар алдында отыру жүрек ауруы және сал ауруына шалдығу ықтималдығын арттырады.

Депрессияны елемеу: Стресті, агрессивті және депрессиялы болсаңыз мұның жүрекке тигізер зияны едәуір болуы мүмкін.

Қорылдау: Кішігірім келеңсіздік деп қаралуы мүмкін. Бірақ ұйқы жайсыздығының ескертуі.

Тіс еті аурулары: Жүрек ауруларында себебі анықталмаса да қатысы бар.

Жалғыз өмір сүру: Басқалармен қарым қатынас құру салауатты өмір сүрудің бұлжымас бөлігі.

Денеге шамадан артық күш салу: Спортпен шұғылдану кезінде денеге шамадан тым артық күш салу және толығымен тастап кету зиянды.

Спиртті ішімдік: Спиртті ішімдіктердің жоғары қан қысымына себеп болатындығын білмейтін адам қалмады. Спиртті ішімдіктердің салдарында пайда болатын артық салмақтар да жүрек саулығына кері әсер етеді. 

Тым көп тамақ жеу: Аз жеу керек. Шекерлі сусындардың орнына қарапайым су ішу керек. Нан және ұн өнімдерін азайту керек. Шекер, май және калория көлемі тым жоғары азықтардың азықтық құнарлығы төмен болады.

Темекі: Темекі шегу жүрек үшін басты басына пәлекет.

Тұз: Неғұрлым тұз көп тұтынылса, қан қысымы да соғұрлым арта түседі.

Жүрекке пайдалы жеміс-жидектер

Дереккөз: bilim-all.kz

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: bilim-all.kz
Қосылған күні: 28 наурыз, 19:00
Ұқсас жазбалар:
Тіс саулығы ағза денсаулығына қалай әсер етеді? Massaget.kz
Жүрек жұмысын қалай тексеруге болады? Massaget.kz