Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ауа райының жылынуы коронавирусқа әсер етпеуі мүмкін

Ауа райының жылынуы коронавирусқа әсер етпеуі мүмкін

Ауа райының жылынуы коронавирусқа әсер етпеуі мүмкін

Вирусолог Роберто Буриони күн жылынудың нәтижесінде пандемия азаяды деген болжаммен келіспейді. Сарапшының пікірінше, вирусқа қарсы күресте мемлекеттер қабылдаған шектеу шаралары тиімді.

Ол күн жылыған соң, шынында да вирус аз жұғатынын, ауадағы сілекей тамшылары тез буланып кететінін айтады. Бірақ бұлардың қазіргі жағдайға еш қатысы жоқ.

Айта кету керек, Бикокиядағы Милан университеті, Рим III университеті және Кати-Пескара университетінің ғалымдары да осындай ортақ шешімге келген. Олар Ухань, Ломбардия және Венетодағы COVID-19 жұқтырған адам санын салыстырып, олардың осы аудандардағы ауа райына байланысты емесін анықтаған.

Итальялық ғалымдар ауа райының жылынуы инфекциямен күресте пайдалы деген болжамды атипті пневмониямен салыстырудың нәтижесі деп санайды. 2002 жылдың аяғында басталған вирус эпидемиясы 2003 жылдың ортасына таман жойылған еді. Мамандардың пікірінше, бұл індетті қазіргі індетпен салыстыру орынсыз.  

Айта кетейік, әлемнің 170-тен астам елі коронавируспен күресіп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша Жер шарындағы жарты миллионнан астам адамы осы індетпен ауырып, 24 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Елімізде коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Павлодар облысында тiркелді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.

0
Рейтинг: +0

Фото: fakt.pl
Қосылған күні: 27 наурыз, 15:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->