Коронавирус індетін жұқтырған адам Шымкентте тіркелді

Бүгін, яғни 24 наурыз күні Шымкент қаласының тұрғыны коронавирус жұқтырғаны анықталды. Осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 69-ға жетті.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 21:40 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында -1 адам жалпы 69 науқас тіркелді", - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлідемдесінде.

 
Бөлісу: