Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 66 адамға жетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 66 адамға жетті

Алматыда екі адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 28 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 66 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында бүгін Нұр-Сұлтанда екі адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

А. Рысдәулет