Дәрігерлер маска орнына не пайдалануға болатынын айтты

Маска таппай жатқан жандар жер-көкті шарламай-ақ үйде отырып өзіне тоқи алады. Ол үшін қарапайым дәке (бинт) мен марлы болса болғаны.

Мамандардың айтуынша, марлыдан тоқылған масканың қабаты 16 немесе 32 болғаны жөн.

Марлыны екі қабаттап бүктеп-бүктеп, қалың етіп орап шығуға болады. Дәріханада ұзын дәкелер болады. Соны алып ораса, қалың шығады. Бастысы бетке таққан кезде, тыныс ала алатындай болсаны абзал.

Дәкені не марлыны орап болғаннан кейін ортасынан, шетінен тарқатылып кетпейтіндей етіп ине-жіппен іліңіз.

Мұндай масканы жуып-шайып, үтіктеп таға беруге болады. Қаншалықты жиі жусаңыз, соншалықты таза әрі қауіпсіз болмақ. Өйткені марлыны, дәке жуылған сайын тартыла, жиырыла түседі.

Қазіргі уақытта дүниежүзінде коронавируспен 222 мың адам ауырып жатыр. Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны – 49. Оның 22-сі Алматыда болса, 25-і Нұр-Сұлтан қаласында, тағы екеуі Қарағандыда.

Бөлісу: