Алматыда екі адамнан коронавирус анықталды

Алматыда екі адамнан коронавирус анықталды
Фото: Newsler

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адамды анықтағанын хабарлады.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында - 17 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 35 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында.

Еске салайық, кеше ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 19 наурызынан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді.

 
 
А. Рысдәулет