Коронавирус: Африкадағы жағдай

Коронавирус: Африкадағы жағдай
Фото: flipboard.com

Африкадағы Бенин, Сомали, Танзания және Либерияда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайлары расталды.

15 наурызда Бельгиядан Танзанияға оралған 46 жастағы әйелге вирус диагнозы қойылды, ол Еуропаға саяхат кезінде Швеция мен Германияға барған.

Бенинда 49 жастағы Буркино-Фассо тұрғынынан коронавирус анықталған. Ол 21 ақпанда елінен кетіп, 11 күнін Бельгияда өткізген. 12 наурызда Бенинге қайтып келген. 

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті

Либерияда вирус жұқтырған алғашқы адам қоршаған ортаны қорғау агенттігінің басшысы Натаниэль Блама болды. Ол жақында Швейцарияға барып қайтқан.

Сомалидегі алғашқы оқиға Қытаймен байланысты – өткен аптада төрт сомали азаматы Қытайдан оралғаннан кейін коронавирус инфекциясы бар деген күдікпен тергеу жүргізілген.

Қазіргі уақытта Египет Африкадағы ең көп зардап шеккен ел. Мысырда 150 адам аталған вируспен ауырып, 2 адам қайтыс болған. Египет 19 наурыздан бастап әлемнің барлық елдерімен әуе байланысын тоқтататынын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясы Оңтүстік Африка Республикасы (64 науқас), Алжир (54 науқас, 4 өлім), Марокко (29 науқас, 1 өлім), Сенегал (24 науқас), Тунис (20 науқас), Гана (6 науқас), Эфиопия (5 науқас). Руан (5 науқас), Камерун (4 науқас), Кот-д'Ивуар (4 науқас), Кения (3 науқас), Намибия (2 науқас) және Судан (1 науқас), Конго (1 науқас), Экваторлық Гвинея (1 науқас), Мавритания (1 науқас), Того (1 науқас) және Габонда (1 науқас) анықталды.

Айта кетейік, әлемнің 140-қа жуық елінде коронавирус анықталған. Дүние жүзі бойынша 180 мыңнан астам ауырып, 78 000-нан астам науқас айыққан. 7154 науқас қайтыс болды (шамамен 4%).

Қазақстан

Қазақстан территориясында Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 27-ге жетті. Біртановтың айтуынша, пациенттер және олармен қарым-қатынаста болғандар түгел карантинге жатқызылып, оқшауланды. Елжан Біртанов халықтан сабыр сақтауды сұрады. 

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның алдын алу үшін негізгі 5 шараны қолдануға кеңес береді: 

• қол мен бетті сабындап жиі жуып тұру;
• қолға спирт антисептик пайдалану;
• адам көп шоғырланған жерден аулақ болу, көшеде адамдардан 1 метр алыс жүру;
• ауырып жүрген адамдармен қатынасқа түспеу;
• инфекцияның симптомдары (дене температурасының көтерілуі, мұрын біту, жөтелу, тамақ ауыруы) байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыру.

Вирустан ең көп зардап шеккен мемлекеттер:

Қытай (80880 науқас, 3213 адам қаза болған)
Италия (27980, 2158)
Иран (14991, 853)
Испания (9428, 335)
Оңтүстік Корея (8236, 75)
Германия (6924, 14)
Франция (5423, 127)
АҚШ (4060, 71)
Швейцария (2221, 18)
Ұлыбритания (1543, 36)
Нидерландия (1413, 24)
Норвегия (1313, 3)
Швеция (1103, 7)
Бельгия (1058, 5)
Аустрия (1018, 3)
Дания (914, 4).

Т. Раушанұлы