Сингапур коронавируспен қалай тиімді күресті?

Сингапур коронавируспен қалай тиімді күресті?

Сингапур Қытайға жақын болғанымен, коронавирустың таралуымен тиімді күресуде. Мұның себебі – аурудың барлық жағдайын бақылау және жедел диагностикалық жүйелерді енгізу.

MIT Technology шолуындағы танымал генетик Спенсер Уэллстің айтуынша, Сингапур үкіметі тез арада коронавирустың қауіптілігін түсініп, онымен күресу үшін шаралар қабылдады.

Италиялық дәрігер коронавирусқа қатысты жағдайды айтты

Сингапур 2002-2003 жылдардағы ерекше пневмониямен күресу тәжірибесіне сүйене отырып, науқастардың басқалармен қарым-қатынасы жедел анықталып отырылған. Нәтижесінде екі күн ішінде бір адамнан екінші адамға жұғу оқиғасы жедел анықталған. 

Ақпан айында үкіметтің немесе ұйымның ғимаратына келгендердің барлығына мекен-жайы мен телефон нөмірлерін беру туралы шешім қабылданды. Бұл науқастарды анықтау бойынша медициналық “детективтердің” жұмысын жеңілдетті.

Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?

Вирустармен күресте сәттіліктің екінші факторы диагностикалық сынақтарды жедел әзірлеу және енгізу. Бұл елге келгендердің барлығын үш сағат ішінде коронавирустың бар-жоғын тексеретін мүмкіндік жолға қойылған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Сингапурда коронавирус инфекциясының 243 жағдайы тіркелген. 109 науқас сауығып кеткен, қайтыс болғандар жоқ.