Алмаз Шарман: "Е дәруменінің тапшылық белгісі – иммундық жүйенің әлсіреуі"

Е дәрумені ағзада антиоксидант рөлін атқарады, яғни жасушаларды еркін радикалдармен келтірілген зақымданудан қорғауға көмектеседі. Ағза бактериялар және вирустармен күресетін иммундық жүйенің қызметін жақсарту үшін Е дәруменіне мұқтаж. Ол қан тамырларын кеңейтіп, тромбтардың түзілуін болдырмайды. Сонымен қатар, жасушалар Е дәруменін өзара әрекеттесуі үшін және басқа да маңызды функцияларды орындау үшін қолданады. Белгілі бір жағдайларда дәрігер Е витамині препаратын қосымша қабылдауды ұсынуы мүмкін.

Е дәрумені бар тағамдық қоспалардың қандай түрлері бар?

Е дәрумені бар тағамдық қоспалардың алуан түрі бар. Тағамдық қоспаларды таңдағанда екі нәрсеге назар аудару қажет:

1. Е дәруменінің саны: Күніне бір рет қабылдауға арналған мультивитаминді-минералдық жиынтығында 30 ХБ (халықаралық бірлік) Е дәрумені бар, ал құрамында тек Е дәрумені бар қоспаларда бір таблеткада 100-ден 1000 ХБ дейін болады. Тек Е дәрумені бар қоспалардағы дозалар ұсынылған нормадан әлдеқайда жоғары. Кейбір адамдар мұны олардың сау болуларына көмектесіп, кейбір аурулардың қаупін төмендетеді деген үмітпен көп мөлшерде қабылдап жатады.

2. Е дәруменінің формасы: Е дәрумені көзге қарапайым болып көрінгенмен, ол альфа-токоферолды қоса алғанда сегіз түрлі қоспанын қосындысынан тұрады. Формалары әр түрлі күшпен, яғни денедегі белсенділік деңгейімен ерекшеленеді.

Табиғи көздерден алынған Е дәрумені (яғни, тағамнан) D-альфа-токоферол ретінде қаптамаларда белгіленеді. Синтетикалық (зертханада дайындалған) Е дәрумені dl-альфа-токоферол ретінде белгіленеді. Табиғи формасы жоғары белсенділікке ие болады. Мысал үшін, 100 ХБ табиғи Е дәрумені шамамен 150 ХБ синтетикалық түріне тең.

Е дәрумені бар кейбір қоспалар оның басқа да формалары, гамма-токоферол, токотриенолдар және токоферолдардың қоспасы сияқты түрлерін қамтиды. Әлі күнге ғалымдарға альфа-токоферолдың алдында осы формалардың қандайда бір артықшылығы бар-жоғы белгісіз.

Егер Е дәрумені жеткілікті болмаса не болады?

Дені сау адамдарда Е гиповитаминозы өте сирек кездеседі. Ол әрқашанда дерлік белгілі бір ауруларда, майлардың қорытылуы мен сіңірілу бұзылыстарымен байқалады. Бұған Крон ауруы, муковисцидоз, абеталипопротеинемия және Е дәруменінің жеткіліксіздігі бар атаксия сияқты сирек кездесетін генетикалық аурулар кіреді. Е дәруменін сіңіру үшін майлардың болуы қажет.

Е дәруменінің жетіспеушілігі бұлшықеттер мен нервтердің зақымдануын тудырып, қол мен аяқтың тез сезгіштігінің және дененің бақылауын жағалуына, бұлшықеттің әлсіздігі мен көрудің нашарлауына әкеледі. Е дәруменінің тапшылығының тағы бір белгісі – иммундық жүйенің әлсіреуі.

Мақаланы аударып, дайындаған: Бағдат Сұлтанбек.