Вирустан қорғануға көмектесетін тағамдар

Испанияның La Vanguardia газетінің жазуынша, адамды вирустан қорғайтын азық-түліктің ең маңыздысы – сарымсақ. Оның құрамында бактерия мен вирусқа, ауру туғызушы саңырауқұлақтарға қарсы табиғи заттар көп.

Одан кейін, вирусқа қарсы тұра алатын қуатты азық – бадам жаңғағы (миндаль) мен қаражидек. Миндальда Е витамині көп, aл қаржидек тыныс алу жолдарын қорғайтын заттарға бай келеді.

Дәрігерлер тауық пен күркетауықтың етінен жасалған сорпа мен көжені көбірек ішуге кеңес береді. Өйткені бұл құстардың етінде тұмау мен суық тиюден пайда болатын шырышты қабықты жоюға көмектесетін минералдар мен витаминдер, бета-каротин пен антиоксид көп.

Ғалымдардың тізіміне жоғарыда аты аталғандардан басқа саңырауқұлақ, қара шоколад, цитрус жемістер мен анар,, киви, папайя, асжапырақ сынды азық-түлік түрлері еніпті.

Иммунитеттің күш алуына зімбір (имбирь) мен куркума, көк шәй мен айран да жақсы көмектеседі.