Ит пен мысықтан коронавирус жұғуы мүмкін бе?

Ит пен мысықтан коронавирус жұғуы мүмкін бе?

Коронавирус үй жануарларына жұғуы мүмкін, бірақ адамға жұқтыра алмайды. Ғалымдардың зерттеуі мұны дәлелдеді, деп хабарлайды Massaget.kz сайты Medical Xpress-ке сілтеме жасап.

Гонконг ауыл шаруашылық, балық аулау және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мамандары иесінен коронавирус жұқтырған жануардың қаны тексеріліп, жануарларға жұққан коронавирустың қайтып адамға жұқпайтынын дәлелдеді.

Мамандар ауырған иттің жанына тағы бір сау итті кіргізіп, екеуін бір жерге бір апта бойы қамап қойған. Бір аптадан кейін сау иттен талдама алып тексерілген кезде, оған вирус жұқпағаны белгілі болды. Осындай тәжірибе жасаған мамандар үй жануарлары коронавируспен ауырса да, иесіне жұқтыра қоймайтынын анықтады.

- Сондықтан жануарлардан бас тартып, оларды тастап кетудің қажеті жоқ. Ең бастысы тазалық сақтасаңыз болғаны, - дейді министрлік өкілі.

Бұған дейін Қытай ғалымдары елді жайлаған коронавирустың жарғанаттан тараған ауру деп баға берген еді. Алайда кейінгі зерттеулер мұның қате тұжырым екенін, коронавирустың кесіртке тұқымына жататын панголинадан жұқты деген қорытынды жасаған болатын.

Ал Польшаның денсаулық сақтау министрі Лукаш Шумовский болса, коронавирусты мысық жұқтыруы мүмкін деген еді. Ғалымның ойынша, коронавируспен көп ауыратын жануарлардың бірі дәл осы мысық. Қытайда тараған коронавирустың жаңа түрін де мысықтың ағзасында мутацияланған вирус болуы мүмкін деген сыңайлы тұжырым жасаған еді ғалым.

Қ. Слямбек