Коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жақындады

Бүгін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жұқтырғандар саны 97 948-ге жеткенін мәлімдеді. Ал қайтыс болғандар саны 3383 болса, сауығып кеткендер науқастар саны 55186 адам.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қытайда соңғы бір күнде вирустық инфекцияның 143 жағдайы тіркеліп, олардың 31-і қайтыс болған. 5 наурызда 2098 жаңа жағдай және 53 өлім басқа елдерде тіркелді. Вирус  тағы да 5 елге таралғаны анықталды: Босния және Герцеговина, Гибралтар, Венгрия, Словения және Палестина. Қазіргі уақытта вирус әлем бойынша 88 елге таралған.

Қытайдан тыс үш мемлекетте – Оңтүстік Корея (6284 адам, 42 өлім), Италия (3858 адам, 148 адам қайтыс болған) және Иранда (3513 адам, 107 адам қайтыс болған) коронавирус өршіп тұр.