Шекарасыз медицина: тағылымдама, тәжірибе алмасу

Шекарасыз медицина: тағылымдама, тәжірибе алмасу

А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО мамандары Жапонияда тағылымдамадан өтті, - деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 10-28 ақпаны аралығында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары Жапония астанасы Токиодағы Бала денсаулығы және дамуы ұлттық орталығында (National Center for Child Health and Development) тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама бағдарламасының шеңберінде А.Н. Сызғанов ат. ҰҒХО мамандары түрлі семинарлар мен тренингтерге, дәрістерге қатысты, сондай-ақ NCCHD қызметкерлерімен бірге ота залында жұмыс істеді. Тағылымдама қатысушылары Жапонияның ең озық емдеу орындарының бірінен алған білік-тәжірибелерін практикада қолданатын болады.

Айта кетейік, NCCHD — балалар хирургиясы және педиатрия бойынша мамандандырылған бөлімшелерден тұратын, сонымен қатар перинаталдық, акушерлік сияқты салаларды да қамтитын Жапониядағы жалғыз ұлттық орталық.

Н. Үсенова