Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2442-ге жетті

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2442-ге жетті

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 75 936 адамға жеткен, оның 2442-і қайтыс болды. 22 888 адамның денсаулығы жақсарып, ауруханадан шықты. Мұны Tengrinews.kz хабарлайды.  

"Мемлекеттік денсаулық сақтау мәселесі бойынша комитет 31 провинциядан алған мәлімет бойынша 76 936 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 51 606 адам (10 968 ауыр халде жатыр) қазіргі уақытта науқастанып жатыр, 22 888 адам ауруханадан шығарылды, 2442 адам қайтыс болды", - делінген мемкомитет хабарламасында.

Басылымның хабарлауынша, соңғы тәулікте ел аумағы бойынша 648 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелді, ауруханадан 2230 адам жазылып шыққан, 97 адам қайтыс болды (оның 96-ы - Хубэй провинциясында).

Қазіргі уақытта тағы 4,1 мың адам ауру жұқтырды деген күдікпен тексеріліп жатыр, 106 мыңнан аса адам тіркелген, олар науқастармен тығыз байланыста болған, медициналық бақылауға алынған.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады – бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді – COVID-19.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
Назарбаев университетінің "Foundation" бағдарламасына емтихан қалай өтеді?
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
НУ қолдаған стартап. Сатып алушылар дәрі бағасын өздері қояды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Еуропа лигасы. "Ең алыстан соғылған гол" рекорды жаңарды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Қазақстанда қотырды жазатын дәрі сынақтан өтіп жатыр
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?
Джетлаг деген не және оны қалай еңсеруге болады?