Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мыңнан асты

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2 мыңнан асты
Фото: facebook.com

Қытайда 18 ақпан күні коронавирустан тағы 136 адам қайтыс болды. Осылай эпидемиядан қайтыс болғандар саны 2004-ке жетті. 

Бүгін Қытайда аталған вирусты жұқтырғандар саны 1749-ға артып, олардың жалпы саны 74 185-ке жетті. 

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Қытайда вирус жұқтырғандардың саны сауығып шыққандар санынан алғаш рет аз болған. 18 ақпанда, 1824 адам вирусты жеңіп, сауығып шыққан. Жалпы, індет басталғаннан бері 14 366 адам ауруханадан босатылған.

Вирус ошағы саналатын Хубэй провинциясынан өзге жерлерде күн сайын вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. 3 ақпанда 890 адам вирус жұқтырған болса, 18 ақпанда эпидемияға шалынғандар саны 56 адам болған. 

Хубэйдегі вирус ошағы саналған Ухань қаласында ғана вирус жұқтырғандар саны азаймай тұр. 18 ақпанда 1660 адам коронавирус жұқтырған, ал провинциядан өзге аймақтарда бір күнде ауырғандар саны – 33.

Т. Раушанұлы