Коронавирус балаларға жұқпай ма?

Коронавирус балаларға жұқпай ма?
Фото: News Break

Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты. Оның 910-ы көз жұмған. Жұққыштық көрсеткіші өте жоғары болғанына қарамастан қызық тенденция байқалған. 15 жастан кішкентайлардың арасында коронавирусты жұқтырғандардың саны өте аз. 

Осыған орай Science Alert басылымы зерттеу жүргізіп, ғылыми мақала жариялады. Бүгінгі күнге дейін тек 3 баладан коровирус штамы табылған. Ресми дерекке сүйенсек, жұқпалы аурудың белгілері Бейжің қаласында анасы коронвирус жұқтырғна 9 айлық нәрестеден, әкесі ауырған неміс баласы және Шэньчжэнь қаласында тұратын баладан байқалған. Мамандардың пікірінше, коронавирустың балаларға жұғу көрсеткіші аз болғаны аурудың тарауына едәуір әсер етеді. Өйткені балалар қолдарын көп жумай, тазалыққа мұқият болмай, аурудың тез тарауына себеп болатын еді.

Коронавирустың жаңа түрі 2003 жылы Еуропа шыққан ТОРС ауруына ұқсас келеді. Ол кезде 774 адам аурудан көз жұмған еді. Бір қызығы, сол кезде де ТОРС балаларға жұқпайтын болған. Вирустың балаға жұқпауының нақты себебі анықталған жоқ. Бірақ ғалымдар ересектер мен балалардың ағзасы инфекцияға әр түрлі тосқауыл қоятынын айтады. 

Әзірге балаларға коронавирус тұмауға қарағанда қауіпті емес. Өйткені балалардың ағзасы тұмауға қарсы әлсіз күресіп, тез асқынуға жол береді екен. Сол себепті әлем бойынша 5 жасқа дейінгі балалар арасында тұмаудан өлгендердің саны көп. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, коронавирустан қайтыс болғандардың 80 пайызы 60 жастан асқандар екен. Дегенмен жастар мен орта жастағылар арасында ауруды жұқтырудың көрсеткіші де жоғары.  

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлем бойынша вирус жұқтырғандардың саны 40171-ге жеткенін айтты. Олардың ішіндегі 6500 адамның жағдайы ауыр, 910-ы қайтыс болған. Қазіргі уақытта коронавирус Қытайдан басқа 23 елде анықталды. Басқа елдерде вирус жұқтырғандардың саны – 201 адам (Жапонияда 45, Сингапурда 28, Тайландта 25, Оңтүстік Кореяда 23 және Аустралияда 14). Олардың ішінде Филиппин мен Малайзияда екі адам қайтыс болды. Вирус басталғаннан бері емделгендердің жалпы саны 3500 адам. Жалпы, 190 мың адам медициналық бақылауға алынған.

А. Рысдәулет