Асқабақтың пайдасы

Көпшілігіміз күнделікті пайдаға асырып жүрген асқабақтың ағзамызға тигізер пайдасы жөнінде біле бермейміз. Асқабақ өнімдерін пайдаланудың да өзіндік артықшылықтары бар екен:

▪︎ Асқабақтың құрамында кальций, цинк, марганец, фосфор, йод, фтор мен магний элементтері жеткілікті.

▪︎ Асқабақты склероз, диабет және өт қабынуына шалдыққан жандар көптеп пайдалануы керек.

▪︎ Асқабақ артық салмақтан арылуға көмек береді.

▪︎ Асқабақты жүктілік кезеңінде де қолданған жөн.Әсіресе, жас аналар асқабақпен қоректенсе, витаминдер қорын жияды әрі сәбиге  де пайдалы.

▪︎ Асқабақ шырынын қабылдау суық мезгілде пайдасын тигізеді.Тұмау мен өкпе ауруынан зардап шексеңіз, асқабақ шырынын ішіңіз.

▪︎ Асқабақ дәнінің құрамында цинк пен белок жеткілікті.Олар асқазан мен ішек, сонымен бірге  бауыр ауруларымен күресуге көп көмегін береді.

▪︎ Егер сіз тері түлеуіне немесе тері ауруларына жиі тап болсаңыз, асқабақты қолданысқа енгізіңіз.