Күйзеліс ақ шаштың пайда болуын жеделдететіні рас болып шықты

Гарвард университеті ғалымдары жүргізген жаңа зерттеу жұмысы ақ шаштың күйзеліс салдарынан пайда болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Бұл тұжырым баяғыда пайда болғанымен, оған нақты дәлел болмаған еді. Енді Гарвард ғалымдары интенсивті күйзеліс шаш ағаруын жеделдететінін айтып отыр. Тарихта да мұндай мысалдар аз емес. Француз патшайымы Мария-Антуанеттаның шашы гильотинада басы алынардан бір күн бұрын тұтас ағарып кеткен көрінеді.

Сонымен, тәжірибеге қайта оралатын болсақ, күйзеліске түскен тышқандардың жүні бірден пигментін өзгерткен. Ғалымдар айтуынша, бұл тек шашқа ғана емес, тұтас ағзаға да үлкен зиянын тигізеді.