Жүктілік кезінде құйымшақ ауыруы

Жүктілік кезінде құйымшақ ауыруы
Фото: dribbble.com/leenxxsophia

Жүктілік кезінде құйымшақ (копчик) жиі ауырады. Ол бүкіл арқаға таралып, жайсыздық тудырады.

Құйымшақтың ауыру себептері:
1. Кіші жамбаспен байланыстырушы аппаратты босаңсытатын релаксин гормонының көбеюі.
2. Сегізкөз аймағының сынуы не шытынауы.
3. Инфекция.
4. Жүйке талшықтарының қабынуы.
5. Микроэлементтер мен дәрумендер жетіспеушілігі.
6. Бір қалыпта ұзақ отыру не тұру.

Құйымшақ сырқырап ауырған кезде ұйқышылдық та қатар жүруі мүмкін. Құрсақтағы сәбиге зияны тимеуі үшін міндетті түрде невролог, травматолог, хирург, гинекологтарға қаралған абзал. Олар УДЗ-ға (УЗИ) түсіріп, 2 рентген кескінін жасап, гемоглобин, лейкоцит, гормондар деңгейін анықтайтын қан талдауын жасауы керек. Аурудың нақты себебін осылай анықтауға болады.

Оған дейін ішті тартып буатын бандаж киіңіз. Емдік гимнастика, суда жүзу не су аэробикасы да ауруды жеңілдетуге көмектеседі. Дәрігердің нұсқауымен дәрумендер алып ішіңіз.

@. @assel_assanova