Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Бұлшық ет өсіретін тағамдар

Бұлшық ет өсіретін тағамдар

Бұлшық ет өсіретін тағамдар

Бұлшық етті өсіру үшін физикалық жаттығумен қатар құндылығы жоғары, нәруызға бай тағамдарды тұтыну керек. Аминқышқылдар ағзаға түскеннен кейін бұлшық ет жасушасының негізін қалайды. Бүгін бұлшық етті өсіретін 3 негізгі тағам түрін ұсынамыз.

1. Сүт

Картинки по запросу молоко

100 грамм өнімде:
Ккалл: 60
Нәруыз: 3,2 грамм
Солтүстік Иллинойс Университетінің зерттеушісі Мэттью Старк сүттің ағзаға толықтай сіңетін өнім екенін айтып, оны нәруыз түзетін әрі ұлпаларды қалпына келтіретін ең пайдалы тағам деп көрсетті. 2008 жылы зерттеу жұмысы кезінде сүттің бұлшық еттегі нәруыз синтезін бірден көтеретіні белгілі болды. Ағзаға түскен физикалық күш пен жаттығулардан кейін 12 апта бойы сүт ішу бұлшық етті жылдам жинауға әсер ететіні де анықталды. 

2. Сүзбе

Картинки по запросу творог

100 грамм өнімде:
Ккалл: майлы түріне қарай 71-ден 159-ға дейін
Нәруыз: 16,7 грамм
Сүзбенің 70%-ін ағзаға баяу сіңетін, қиын ыдырайтын казеиннан құрайды. Яғни, қандағы аминқышқылы баяу көтеріліп, 6-8 сағат бойы сақталады. Одан бөлек, сүзбе құрамында бұлшық еттің жиырылуына әсер ететін, аминқышқылы мен креатинді тасымалдайтын кальций бар.

3. Жұмыртқа

Картинки по запросу яйцо

100 грамм өнімде:
Ккалл: 74
Нәруыз: 12  грамм
Хосе Миранданың  (Jose M. Miranda) зерттеуіне сүйенсек, жұмыртқа ақуызының 15 грамм протеинінде 1 300 миллиграм лейцин бар. Лейцин бұлшық ет массасының артуына себеп болады. Басқа аминқышқылдарға қарағанда лейцин нәруыз синтезін жылдамдатады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: zen.yandex.ru
Қосылған күні: 12 қаңтар, 15:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.