Стерсс сәби көтеруге кедергі келтіреді

Егер әйел адам жүйке жүйесі бұзылса, сәби көтеру мүмкіндігі 12 пайызға төмендейді. Әрине, бұл көрсеткішке қарап қалған ештеңе жоқ дерсіз, алайда денаулықтың қалыпты болуында әр пайыздың маңызы бар. Қазіргі кезде әйелдер қауымы арасында 35 жастан кейін сәби сүюді жоспарлайтындар да бар екен, жас ұлғайған сайын бала көтеру мүмкіндігі азая түсетінін де ескерген жөн. Мұндай жағдайда күйзеліске тіптен орын болмауы тиіс.

Біз ұсынған зерттеу нәтижесі сәби сүюді жоспарлаған ананың өзін өзі қалай ұстауы керегін білдіреді. Стресс деңгейі шынында да жүктілік мүмкіндігін азайтады, сондықтан әп дегенде ойындағысы болмаса, екі адам да барынша сабыр сақтап, мазасыз ойға бой алдырмауы қажет.