Эндоскопиялық зерттеулер туралы не білесіз?

Эндоскопиялық зерттеулер туралы не білесіз?
Фото: А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы

Бүгінде түрлі медициналық емдердің зияны туралы ақпарат интернет желісінде өріп жүр. Бұл деректердің көбі бір-біріне қарама-қайшы келеді, тіпті бұрмаланып жеткізіледі.

ЭГДС (Эзофагогастродуоденоскопия), колоноскопия, бронхоскопия сияқты эндоскопиялық зерттеулер туралы да теріс ақпараттар жоқ емес. Мұның барлығы көпшіліктің осы зерттеулер туралы егжей-тегжейлі, толыққанды білмеуінен болуы да мүмкін.

Науқастар көп жағдайда басқа диагностиканың көмегі арқылы эндоскопиялық емшараларға жоламауға тырысады. Алайда асқорыту жолын (өңеш, асқазан, он екі елі ішек және тоқ ішек) диагностикалау кезінде эндоскопия диагностикалаудың алтын стандарты ретінде танылады.

Заманауи техникалармен жабдықталған емханаларда, орталықтарда қызмет ететін жоғары білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінсе, науқастардың емшара кезінде жайсыздық (ауырсыну, тыныс алудың қиындауы) сезінбейтіні анық. Ал АНЕСТЕЗИОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК науқастың  зерттеуден/операциядан қандай да бір жағымсыз салдарларсыз өтуіне ықпал етеді.

Медикаментоздық ұйқы немесе седация — ауырсыну сезімінің, рефлекстердің ауырлауының, естің болмауына/төмендеуіне жеткен организм күйі. Бұл емшараның сәтті өтуіне қолайлы жағдай қалыптастырады.

Бұл туралы мамандар не дейді?

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының эндоскопист, гастроэнтеролог маманы Абдиев Нүркен Махамашұлы:

- Седация қорқынышты ма? деген сұрақ науқастардың тарапынан жиі қойылады. Жауап:әрине, жоқ. Бұл тұрғыда көптеген зерттеулер жүргізілген, халықаралық клиникалық нұсқаулар даярланған. Осы нұсқаулықтарда седацияны эндоскопияда, стоматологияда және т.б. қолдануға кеңес берілген. Менің тәжірибемде, зерттеулердің 90 % жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Әдетте бұл ЭГДС кезінде ауыз қуысын лидокаин спрейімен шаю, бронхоскопия кезінде өңешті шаю және колоноскопия кезінде анестетикалық гельді пайдалану. Қалған 10 % СЕДАЦИЯ қажет етілетін шұғыл емшаралар (бөгде денені алып тастау, полипэктомия, эрхпг, стенттеу, лигирлеу) барысында құсқысы келіп лоқсу, ауырсыну, «тұншығып қалу» сияқты қорқыныштардың себебінен тексеруден өту кезінде үрейге бой алдыратын науқастар. Ескере кететін бір жайт, седация жайсыз әсерлерді және асқыну қаупін төмендетіп қана қоймайды, сонымен қатар зерттеудің диагностикалық құндылығын арттыра түседі.

Н. Үсенова