Табан саңырауқұлағы

Табан саңырауқұлағы
Фото: google.kz

Аяқ саусақтарының ара-­арасына байқатпай орнала­сып алатын көзге көрінбес саңырауқұлақ уақыт өте ке­ле аяқ тырнағын да, жүнін де бүлдіре алады. Сол саң­ырауқұлақ жылы жердің бәрінде болады, байқатпай­-ақ жабыса қалады. Төменде баяндалған кеңестер қышуды тоқтатып, паразитті құртуға көмектесе алады.

— Дәріханаға рецептсіз сатылатын фунгицид (саңырау­құлаққа қарсы қолданылатын дәрмек) алуға барғанда нитрат миконазолы немесе толнафтат бар май сұраңыз. Оны бүлдірілген жерге күніне екі­-үш рет жағыңыз. Үйреншікті қателікті қайталамаңыз: сырқат белгісі кетті ғой деп емдеуді доғармаңыз. Саңырауқұлақты құрту үшін алты апта бойы дәрі­-дәрмекті жағып тұрыңыз.

— Ас содасы қышуды, ашуды баса алады. Бір асқасық ұнтақты су қосып бөкпен істеңіз де, бүлдірілген жер­леріңізге жағыңыз, содан кейін жуып тастап, аяғыңыз­ды кептіріңіз. Ақыр соңында жүгері крахмалын не ба­лалар ұнтағын себіңіз.

— Ас тұзының екі шай қасығын, жарты литр жылы суда ерітіңіз. Табаныңызды соған батырып, 510 минут отырыңыз. Саңырауқұлақ құрып біткенше соны істеңіз.

— Шай теріні тамаша құрғатады. 5 қалташасын 1 литр қайнақ суда кемі 5 минут демдеңіз. Шай жылымшы болған кезде, шылапшынға құйыңыз да, табаныңызды 30 минут батырып отырыңыз.

— Жұмсақ құрғатқыш заты бар тыныштандыратын компресс қышудан, ащытудан көмектеседі, сондай­-ақ күлдіреп кеткен жеріңізді құрғатады. Буров сұйығы­ның (онда алюминий ацетаты болатын, дәріханаларда сатылады) екі ас қасығын суық суға араластырыңыз. Ақ түсті орамалды  соған батырып, күніне үш-­төрт рет бүлдірілген жерге басып, 1520 минут ұстаңыз.

— Бәрінен мықты — кәдуілгі айран. Айранды бүлдіріл­ген жерге жағыңыз да, кептіріңіз, содан кейін жуып тастаңыз.

— Шылапшынға қыша майының бірнеше тамшысын не аз ғана қыша ұнтағын салып, су құйыңыз да, жарты сағат табан батырып отырыңыз.

— Шай ағашының майы терінің қышқылдығын өз­гертіп, саңырауқұлақтың көздегенін болдырмайды. Сол майды нақ сондай мөлшердегі зәйтүн майымен арала­стырып, бүлдірілген жерге күніне екі рет жағыңыз.

— Шай ағашының майын алоэ гелімен де араласты­руға болады. Дәріні күніне екі рет жағыңыз. 6 аптадан кейін сырқаттан құтыласыз.

—  Лаванда майының үш тамшысын кез­-келген өсім­дік майымен не теріге арналған лосьонмен араласты­рып, оны бүлінген теріге күн сайын жағыңыз.

— Дәріханадан календула араластырылған май сатып алып, аяқ саусақтарының арасына жағыңыз.

— Жуынғаннан кейін табаныңызды мұқият кептіріңіз. Саусақтар арасын фенмен кептіруге болады.

Г. Берік