Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Физикалық белсенділіктің басты құпиясы – тұрақтылық

Физикалық белсенділіктің басты құпиясы – тұрақтылық

Физикалық белсенділіктің басты құпиясы – тұрақтылық

Үнемі физикалық белсенділікте болудың денсаулыққа өте зор маңызы бар екенін ғалымдар тек соңғы онжылдықта ғана дәлелдеген болатын. Мысалы, тұрақты физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларының, миокард инфарктісі, диабет, обыр және басқа да аурулардың қаупін айтарлықтай төмендететіні мәлім болды. Егер сіз апталық кестеңізге дене жаттығуларын енгізбесеңіз, бұл жағдайда спортпен шұғылдану денсаулығыңызға айтарлықтай әсерін бермейді. Күнделікті іске уақыт әрең жетіп жүргенде тұрақты жаттығуларды жасауға уақытты қалай табуға болады?

Аптадағы ісіңізді егжей-тегжейлі жоспарлаудан бастаңыз. Мысалы, ойланып көріңіз, 30 минут ерте әдеттегіден оянып, неге серуендеуге болмас? Мүмкін ерте ояну үшін 30 минут ерте жатқан жөн болар? Шынайы ойланыңыз. Жаттығу бағдарламасын кешке жоспарламаңыз, айтайық сізге балаларыңызға үй тапсырмасын орындауға көмек қажет болар.

Күнделікті жаттығуларға қандай да бір қосымша физикалық белсенділікті қосу жолын іздеп көріңіз. Мысалы, сауда орталығының дүкендерін аралағанда лифтіні елемей жиі баспалдақпен көтеріліңіз. Физикалық формаңыздың жақсаруына қарай сіз күш салмай, физикалық жүктемелердің қарқындылығын арттыра аласыз. Яғни, сізге қарқынды жүктемені қосып көруге болады: мысалы, сол уақыт аралықта 4 шақырым орнына 6 шақырым жүріп өту.

Бірте-бірте аздап физикалық жүктемелерді арттыруды мақсат етіңіз. Болмайтын нәтижелерді күту түңілу мен сәтсіздікке алып келетіні дәлелденген. Дене белсенділігіне үйренудің ең жақсы тәсілі: аптасына 5 рет 30 минуттан серуендеу. Бұл ретте бірінші ай аралығында аптасына 3 рет, кем дегенде 10 минуттан серуендеуге, содан кейін серуендеу ұзақтығын біртіндеп арттыруға болады. Екінші айда серуендеуге тағы да бір күн қосыңыз, яғни аптасына 4 күн. Үшінші айда аптасына 5 күн серуендеңіз, содан кейін әрбір келесі екі апта сайын серуендеу уақытын 5 минутқа арттырып отырыңыз.

Ілгерілігіңізді бағалап, өз жетістіктеріңізді ынталандыра біліңіз.Алдыңызға мақсат қойып, өз нәтижелеріңізге баға беріңіз. Серуендерге кеткен күнделікті уақытыңыздың мөлшерін жазып жүріңіз. Осылайша сіге жаттығуларыңыздың кестесін құруыңызға болады. Күнделікті өзіңізге жақын адаммен немесе досыңызбен бірге серуендеңіз. Осылайша сізге мұндай физикалық белсенділіктің түріне бейімделуге жеңіл болады.

Кішігірім нәтижелерге қол жеткізсеңіз де – бұл үлкен жетістік. Бұл сіздің ықыласыңыз денсаулығыңыздың жақсаруына әсер етеді. Өзіңді мақтаңыз! Сіз өзіңізді қалай ынталандыруыңыз маңызды емес, бастысы бұл сізге жайлы және сізді қуанту керек. Бірақ қатты кетпеңіз! Мысалы, өзіңізді марапаттау ретінде балмұздақ немесе торт бөлігін сатып алудың қажеті жоқ, себебі салауатты тамақтану – мықты денсаулықтың міндетті шарты. Мүмкін, ең жақсы тәсілі – электрондық тасымалдаушыға жаңа музыкалық файлдарды жүктеп, оны серуендеу кезінде тыңдау дұрысырақ болар.

Күнделікті дене белсенділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұру міндетіне тиянақтылық таныту – мықты денсаулық, зор күш-қуат, жоғары тиімділік нәтижесін бермек.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 24 желтоқсан 2019, 12:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.