Жаңа технологиялар жолында

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы жаңа технологияларды қолданысқа енгізу және тәжірибеде пайдалану жолында шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында "Толық АВ блокадасы бар пациентке электродсыз кардиостимуляторды имплантациялау" жаңа технологиясын енгізу мақсатында шеберлік сабағы өткізілді.

Шеберлік сабағы "Медтроник" компаниясының техникалық қолдауы арқылы орталықтың интервенциялық кардиология және аритмология бөлімшесінде жүргізілді. "А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО" АҚ аритмологтарына Астана қаласындағы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ аритмология бөлімшесінің меңгерушісі, м.ғ.д. Әбдірахманов Аян Сүлейменұлы көмектесті.

Операция сәтті аяқталды. Қазір 33 жастағы пациент өзін жақсы сезінеді. Екі күннен кейін ауруханадан үйге шығуына болады. Имплантталған электродсыз ЭКС-ның параметрлері қалыпты.

Кейбір пациенттерге дәстүрлі әдістер бойынша ЭКС орнату мүмкін емес, сол пациенттерге осындай жүйелер имплантацияланады. 4 жыл бұрын операция жасалуы себепті, пациентте күрделі жүрек ақауы бар екені анықталды. Сол операциядан кейін АВ блокадасы пайда болып, ЭКС орнату қажеттілігі туындаған. Алайда электродтарға арналған стандартты жоғарғы қолжетімділіктер кедергі келтірген. Қазақстанда жыл сайын 100-ден астам пациенттер осындай электродсыз құрылғыларды орнатуға мұқтаж.