Радиожиіліктік абляция – хирургиялық ота жасамай емдеу жолы

Радиожиіліктік абляция – хирургиялық ота жасамай емдеу жолы
Фото: А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы

Радиожиіліктік абляция – емдеудің жаңа және тиімді мүмкіндіктерін ұсынатын минималды инвазивтік радиологиялық әдіс. Бұл қатерсіз түйіндерді емдеу барысында қолданылатын өте ұтымды тәсіл. Радиожиіліктік абляция кезінде пациентке хирургиялық ота жасаудың қажеті жоқ. Әдетте хирургиялық отадан кейін науқастың ауруханада бірнеше күнге қалуына тура келетіні белгілі.

Қалқанша безі түйінінің термоабляциясын жасау кімге ұсынылады?

Бұл әдіс арқылы қатерсіз түйіндерді ғана алып тастауға болады.

• РЖА арқылы алып тастау қажеттілігі бар түйіндерді ғана жоюға болады, алайда науқас қандай да бір себептермен оларға ота жасата алмайды немесе жасатқысы келмейді.

• Қолайсыздық туындататын түйіндер — дауыс желбезегін және/немесе өңешті қысып, ауыртып, жайсыздық тудыратын және т.с.с.

• Сыртқа шығып тұратын және косметикалық ақау тудыратын түйіндер.

• Зат алмасуының бұзылыстарын туындататын түйіндер

• Қалқанша безінің қатерлі ісігі қайталанатын болса, яғни ота жасалған безде жаңа түйіндер болады, оларға қайта ота жасау қиынға соғады.

Ұтымды тұстары:

Радиожиіліктік емшара қалқанша безінің қызметінің белсенділігін төмендетпейді — бұл хирургиялық отамен салыстырғандағы басты артықшылық

♦ Тыртықтар, көлемді тіліктер қалмайды. Көзге шаншылған иненің орны ғана көрінеді.

♦ Ем-шара күндізгі стационарда жүргізіледі, науқас бірнеше сағаттан кейін үйіне қайта алады.

Ультрадыбыс арқылы басқарылатын радиожиіліктік абляция — қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін емдеудегі тиімді әрі қауіпсіз, хирургиялық емес әдіс. Сондай-ақ хирургиялық отаның баламасы. Радиожиіліктік абляциядан кейін асқынулар да жиі байқала бермейді.

Бұл туралы мамандар не дейді?

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы, асқазан-ішек жолдары (АІЖ) және эндокринді ағзалар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Шөкебаев Әділ Абайұлы:

  - Бүгінгі таңда заманауи медицина және барлық бағыттағы аз инвазивті хирургия қарқынды дамып жатыр. Енді радиожиіліктік абляцияға келетін болсақ, бұл әдіс — қалқанша безінің түйінді ауруларын емдеудің ең тиімді нұсқасы. Оның белгілі бір артықшылықтары да бар. Бұл әдіс қолданыста болуға құқылы. Өйткені бүкіл әлемде қалқанша безінің түйінді ауруларын емдеудің балама нұсқаларының бірі ретінде танылған.

Радиожиіліктік абляция жайында ескерте кететін тағы бір жайт, бұл әдіс қазіргі кезде біздің елде де қолжетімді. Бұл біздің медицинаның деңгейін көрсетеді. Демек, біздің медицина жоғары деңгейде деген сөз. Себебі, бұл бірнеше жылдар бойы дамыған елдерде ғана пайдаланылып келген өте қымбат технология. Сондықтан өз еліміздің тұрғындары қалқанша безі патологиясын емдеудің түрлі балама нұсқаларын ала алғаны ұтымды, әрі оң көрсеткіш.

Таяуда ғана біздің орталықта «Қалқанша безінің радиожиіліктік абляциясы» тақырыбында шеберлік сабақтары өткізілді. Шеберлік сабақтарын Корея Республикасы, Юнсей (Yonsei University Korea), ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, интервенциялық хирург, Моңғолиядағы қатерлі ісікті емдеу Орталығының меңгерушісі Dr. Purevbaatar Bat-Ireedui (Иредуй Пурэ) өткізді. Осы сабақтардың барысында ІІ дәрежелі түйінді жемсау деген диагноз бойынша 2 ота жасалды, - дейді.

Ақбота Кенжеқожаева

Н. Үсенова