Артериялық қысымды өлшегенде жазылатын сандар ненің көрсеткіші?

Артериялық қысымды өлшегенде жазылатын сандар ненің көрсеткіші?
Фото: pixabay.com

Артериялық қысым – өміріміздегі ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Сіз жай ғана дәрігер қабылдауына барсаңыз да, жедел жәрдем қызметін шақырсаңыз да, қандай жағдай болса да, дәрігер алдымен қан қысымыңызды өлшейді. Неге? Себебі қысым қалыпты күйден ауытқып кетсе, денсаулықта ақау бар екені бірден байқалады.

Артериялық қысымды өлшегеннен кейін нәтижесі арасына бөлшек белгісі қойылған екі санмен жазылады. Бұл ненің көрсеткіші? Ауадан алынған оттегі суда еріп, белгілі физиологиялық қысыммен (орта есеп 120/80) қанға түседі. Қызыл қан түйіршіктері эритроцит оны ағзаның әр жасушасына жеткізеді. Оттегі болмаса өмір сүре алмайтынымыз белгілі. Ал осы тізбек тұйықталып қалса, әр ағза өз қызметін жеткілікті түрде атқара алмайды.

Артериялық қысымның бірінші саны систологиялық (жүрек), екінші саны диастологиялық (бүйрек) қысым деп есептеледі. Адам ағзасында жоғары, төмен және тұрақсыз қан қысымы болуы мүмкін. Артериялық қысымға қанның өзі, ағатын тамыры, қан барып түсетін медиатор (жүйке гуморалдық реттеу) процесі қатысады. Артериялық қысым көтерілуі, қанның құрғауына байланысты. Дұрыс тамақтанбау, бір орында ұзақ отыру, физикалық жаттығу жасамау, жеткілікті мөлшерде су ішпеу – осының барлығы қанның кеуіп қалуына себеп болады. Күйзеліс те қан қысымы көтерілетініне себеп екенін білеміз. Ал қан сұйылып кеткенде қысым төмендейді, вегетативтік жүйке жүйесі бұзылған кезде тұрақсыз күйге түседі.

Қысым көтеріліп не түсіп кеткен жағдайда да 40-50 деген көрсеткіштен аспауы тиіс. Мысалы 120+50, қан қысымы 170-тен де жоғарылап кетсе, дереу дәрігердің көмегі керек. Қан қысымын өлшегенде бірінші сан нормадан көп болса, демек адреналин әсері, оны қалыпқа келтіру үшін күйзеліске бой бермей, салмағыңызға сай мөлшерде су ішуді әдетке айналдырып, таза ауамен тыныстау қажет. Ал екінші саны көтерілген болса, бүйрекке салмақ салмай, су балансын сақтаңыз. Мырыш, селен және С дәруменін көбірек ішіңіз.

@. @assel_assanova