Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / МРТ жайлы 5 аңыз

МРТ жайлы 5 аңыз

МРТ жайлы 5 аңыз

МРТ (магнитті-резонансты томография) – ішкі жүйелер мен органдарға нақты диагноз қоятын әдістердің бірі. Бірақ көпшілік одан қорқады. Халық арасында МРТ жайлы жиі айтылатын 5 аңызды ұсынамыз.

1-аңыз: МРТ мен КТ бір нәрсе

Бұл екеуі екі түрлі процедура. КТ (компьютерлік томография) рентгендік сәулелер әсеріне негізделе жұмыс істейді: ол кеуде жасушалары мен сүйектері органдарының диагностикасын жақсырақ анықтайды. МРТ магнит жұмысына негізделген: ол барлық "ішкі органдарды", яғни қантамырлардан бастап ісіктерге дейін көрсетеді.

2-аңыз. Басқа процедуралардың орнына бірден МРТ жасатқан дұрыс

Әдетте, МРТ-ға басқа диагностика әдістері күмәнді нәтиже көрсеткен жағдайда ғана жібереді. Сондай-ақ, дәрігер мына патологияларға күдік туғанда МРТ өтуді сұрауы мүмкін:

- Бас миының зақымдануы: инсульт, бас пен мойын қантамырларының ауруы, Альцгеймер ауруы, ісік;
- Омыртқа сынығы және жұлын патологиясы;
- Өт қабы, өт шығару жолдары, бүйрек, бауыр, қуық, бүйрек үсті безі аурулары.

3-аңыз: МРТ-ға дайындалудың қажеті жоқ

Аппараттағы сурет анық көрінуі үшін  бір орында қозғалмастан жарты сағаттай жату керек болады. Сондықтан МРТ-ның алдында бір-екі сағаттай су ішпеген жөн және аппаратқа жатпастан бұрын дәретханаға барып алу керек.

4-аңыз: МРТ ауыртады

Бұл МРТ жайлы кең тараған қате пікір. МРТ зерттеуі кезінде ағзаға ештеңе тимейді, аппарат магнитті импульстер арқылы ішкі органдарыңызды суретке ғана түсіреді. Сіз ештеңе сезбейсіз.

5-аңыз: МРТ зиян

Бұл процедура кезінде ағзаға рентгендік немесе басқа сәулелер әсер етпейді. Барлығы магниттер арқылы жүзеге асады. Бірақ жүктілік кезінде МРТ жасау ұсынылмайды: ғалымдарда мұндай процедура іштегі нәрестеге қалай әсер ететіні туралы мәліметтер өте аз. Ал басқа адамдарға МРТ өтуге қарсы көрсетілім жоқ.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: ru.freepik.com
Қосылған күні: 04 қараша, 15:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.