Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Johnson & Johnson: Компания АҚШ азаматына 8 миллиард доллар өтемақы төлейді

Johnson & Johnson: Компания АҚШ азаматына 8 миллиард доллар өтемақы төлейді

Johnson & Johnson: Компания АҚШ азаматына 8 миллиард доллар өтемақы төлейді

Филадельфия соты Johnson & Johnson компаниясы тарапынан шизофрения мен биполярлық ауруларды емдеу үшін жасап шығарылған  дәрілер әсерінен зардап шеккен Мэриленд штатының тұрғынына 8 миллиард доллар өтемақы төлеуі керек деп шешті. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Николас Мюррей 2003-2008 жылдар аралығында ауруын емдеу үшін дәрігердің ұсынысымен Risperdal препаратын ішкен. Алайда  Johnson & Johnson шығарған бұл нейролептикалық препарат пайдалы емес, керісінше зиян – аталған дәрі гинекомастияны тудырады (еркектерде сүт бездерінің үлкейуі).

Мюррейдің пікірінше, бұл дәрінің науқастарға керісінше әсер ететінін компания мамандары білген, бірақ дәрігерлермен оны қолданатын науқастарға әдейі ескертпеген.

2015 жылы алғашқы сот отырысында Мюррейге компания 1,75 миллиард доллар төлеу шешімі шыққан болатын, кейіннен бұл сома 680 мың долларға дейін қысқарды. Бірақ Мюррей қайта шағым түсіріп, 8 миллиард доллар өтемақы алатын болды. 

Компания өкілдері соттың “бұл негізсіз үкімнің күшін жою туралы” шешіміне наразылық білдіретіндерін айтты. Компания бұл сома 680 мың АҚШ доллар көлеміндегі бастапқы өтемақымен “мүлдем салыстыруға келмейді” деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Johnson & Johnson компаниясы дәрі-дәрмек, сантехникалық бұйымдар және медициналық жабдықтар өндіретін әлемдегі 250-ден астам еншілес компаниялардың тобын басқаратын америкалық холдингтік компания. Компания 1887 жылы құрылған. Штаб-пәтері Нью-Джерси қаласында орналасқан. Компанияның жалпы құны 317 миллиард доллар. 127 100 маман жұмыс істейді. 

Мюррей аталған компанияға шағым түсірген алғашқы клиент емес. 2017-2018 жылдар аралығында Johnson & Johnson препараттарынан шағым түсіріп бірнеше адам арызданған. Соның ішінде осы компания дәрілерін қолданған 22 әйел қатерлі ісік ауруына шалдығып, оның алтауы өмірімен қош айтысқан. 22 (қайтыс болғандардың туыстары бар) әйелдің арызын қараған жергілікті сот Johnson & Johnson компаниясына 4,69 миллиард доллар төлеуге міндеттеген еді. Ал 2018 жылы Лос-Анджелес соты Johnson & Johnson-ға  компания преператы салдарынан қатерлі ісікке шалдыққан әйелге 417 миллион доллар өтемақы төлеу міндеттеген.

0
Рейтинг: +0

Фото: ria.ru
Қосылған күні: 10 қазан, 09:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.