Тісті бұзатын "пайдалы" тағам түрлері

Тісті бұзатын "пайдалы" тағам түрлері
Фото: freepik.com

Бала кезімізден тәттілер тісті бұзады деп өсіреді. Дегенмен, дәрігерлер тіске кәмпит пен торттан басқа пайдалы тағам түрлері де әсер ететіндігін айтады. 

1. Кәмпиттер арасында карамель көш бастайды:
Карамельдің құрамында қант кәмпиттің басқа түрімен салыстырғанда көбірек. Сондықтан олар эмальдің шөгуіне әсер етіп, микробтардың көбеюіне қолайлы жағдай тудырады.

2. Таңқурай, қаражидек, қарақат пен құлпынай: 
Бұл жидек түрлері ағзаға қаншалықты пайдалы болса, соншалықты тіске кері әсерін тигізеді. Олардың құрамындағы қышқыл эмальді "жесе", табиғи бояғыштары тістің сарғаюына себеп болады. 

3. Кептірілген жемістер:
Кәмпиттер секілді кептірілген жемістер қантқа бай, оның үстіне оларды шайнау өте қиын. Тіс арасында қалатын қалдықтары бактериялардың тууына алып келеді. 

5. Шай немесе кофе:
Бұл сұйықтықтардың тіске зияны бұрыннан айтылады. Қара шай мен кофеде де тістің сыртқы келбетіне әсер ететін бояғыштар бар. Одан бөлек, кофе денедегі кальцийді шайып жібереді. Ал, кальций – тістің басты элементі.

6. Шарап:
Шарап құрамында адам ағзасына пайдалы полифенол бар. Бірақ, эмальдің қас жауы да – полифенол. Олар тістің сарғаюына себеп болады. Одан бөлек ауыз қуысындағы қышқылды-сілтілік ортаның бұзылуына әкеледі.

Т. Есқали