Крандағы суды ішуге бола ма?

Крандағы суды ішуге бола ма?
Фото: inform.kz

Көп адамдар крандағы суды ішуге болмайтынын білмейді. Тіпті құбыр суының адам денсаулығына зиян екендігі туралы ойланып та көрмеген. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша құбыр суын пайдалану көптеген қауіпті аурулардың, соның ішінде қатерлі ісік ауруының пайда болуына әкелуі мүмкін екен. Неліктен кран суы адам денсаулығына соншалықты қауіпті?

Крандағы суды ішуге бола ма?

Таза су тапшылығынан үлкен қалаларда тұрғындар тұтынатын су тазарту процесінде қайта хлорлау мен дезинфекциядан өтетінін бәріміз білеміз. Хлор осындай суда өмір сүретін патогендермен күресуге шынымен көмектесетініне қарамастан, дезинфекциялық заттар көптеген жаңа химиялық қосылыстар түзеді, олардың көпшілігі адам денсаулығына өте қауіпті.

Суда хлордың исін жою үшін натрий гипхлориді деп аталатын арнайы реагент бар екені белгілі. Оны құбыр суына қосу арқылы патогендік бактериялардың болуын шамамен 99% -ға азайтуға болады. 

Осыған қарамастан, өлі бактериялар құбыр ішінде қалады, органикалық жанама өнімдерді құрайды, олардың арасында хлорформ және трихалометан ең улы болып саналады. Бұлар адам ағзасына жиналып, асқазан-ішек жолдары мен тыныс алу жүйесінде проблемалар тудырады.

©hi-news.ru

Құбыр суы қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін бе?

Краннан су ішерде: "хлор судағы бактериялардың бәрін жойып жіберген, сондықтан ішуге болады" деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл пікір қате. Хлорланған су сіздің пәтеріңізге шақырымдарға созылып жатқан даттанған құбыр арқылы келеді. 

Әрине, кейбір қоздырғыштар хлор және натрий гипхлоридімен жойылады, бірақ олардың барлығын жою үшін сілтінің үлкен дозасы қажет, олар бактерияларды ғана емес, сізді де “жоя алады”. Крандағы суды жиі ішу денсаулыққа зиян. Жоғарыда айтып өткеніміздей оның құрамында  көп мөлшерде тригалометан мен хлороформ бар.

1976 жылы америкалық зерттеушілер хлороформның кеміргіштер денесінде қаншалықты әсер етуін зерттеуге бағытталған арнайы эксперимент жүргізген. Зерттеу нәтижелері дезинфекцияның қосалқы өнімдері ісікке, сонымен қатар репродуктивті жүйені бұзылуына әкелуі мүмкін екенін көрсеткен. Ешқандай қосымша өңдеусіз кран суын ішу ұрықтың дамуына қауіп төндіреді, сондықтан жүкті әйелдер кран суын ішпегені жөн.

Т. Раушанұлы