Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Некенің әйелге әсері

Некенің әйелге әсері

Некенің әйелге әсері

Кеше ғана неке ер кісілерге денсаулық, өмірлік бақыт, ұзақ ғұмыр әкелетіні жайлы айтқан болатынбыз. Ал әйелдерге ше? Отбасылы болу қыз денсаулығы мен эмоционалды жағдайына пайдалы ма?

Ерлердің үйленгеннен кейін қарны тоқ, үйі жайлы, жағдайы жасалғандықтан, денсаулығы мен көңілі жақсы болудың еш жаңалығы жоқ. Алайда әйел адамдарда басқаша екен. Тек бақытты неке әйелдерге пайдалы бола алады. Күйеуінің көңілінен шыққан арулардың депрессиялары аз, денсаулықтары мықты, жүрек-тамыр ауруларына шалдығу мүмкіндігі төмен болады. Олар салауатты өмір салтын ұстанып, артық салмақтан азап шекпейді. Ал сәтсіз отау келіні атанған қыздардың ауыр ауруларға шалдығу мүмкіндігі әлдеқайда өседі.

Әрине, ажырасқан, жесір немесе жай жалғыз әйелдердің жағдайлары некеде бақытсыз арулардан да жаман.  

Біреумен байланыста болу, жақын адамыңның бар болуы - кез келген жан үшін табиғи қажеттілік. Сүйген адамыңның болмауы эмоционалды қиындықтарға кезіктіреді. Ал әсершіл әйелдер мүлде денсаулығынан жапа шегуі мүмкін.

Қалай болғанда да, ерлерге некенің әсері әлдеқайда жақсы. Неліктен?

Біріншіден, ер кісілер жұбайларын жалғыз кеңесшісі мен жұбанышы деп таниды. Ал қыздарға үйлену - өмірдегі үлкен қадам болса да, жолдастары олар үшін өмірдегі жалғыз адамы болып қалмайды. Олар басқалармен де (анасымен, әпкесімен, құрбысымен) эмоционалды байланыста болады. Психологиялық тұрғыдан қарағанда, әйелдер некеден ерлер сияқты қанағаттанбайды.

Екіншіден, әйелдер теріс, жағымсыз оқиғаларға әсершіл келеді.

Сондай-ақ, әйелдер күйеулеріне әрдайым көмекке келуге дайын. Олар күйеулерін күтіп, жағдайын жасайды. Күнделікті шаруалар, тамақ, үй жинау, жалпы үйдің бар тірлігі әйелдің мойнында болады. Сондықтан әйелдерге қарағанда ер кісілер көбірек күтім мен махаббат көреді. 

Әрине, күйеуге шықпаған арулар болашақта ауруға шалдығып, бақытсыз болады деп айтуға болмайды. Олар шын мәнінде, өмірінен, достарымен қарым-қатынастан, қызықты жұмысынан қажетті қанағатты алып, бақытты болса, денсаулығы мен көңілі да жақсы болары сөзсіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mail.ru

4638 12
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 21 қараша 2012, 11:25
Пікірлер
+0
21 қараша 2012, 11:55

Менің бақытты жар болғым келеді және боламын да!

+0
21 қараша 2012, 12:22

маскаңызды шешсеңізші. сонда болып қаларсыз

+0
21 қараша 2012, 12:45

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
21 қараша 2012, 13:20

күле салғаныңызға қарағанда кәрі қыз болмадыңыз. сонымен қатар, сенімді сияқтысыз өзіңізге)))

+0
21 қараша 2012, 15:56

иа өзімді кәрі қыз санамаймын және жігітіме сенімдімін мені бақытты қылатынына!

+0
21 қараша 2012, 16:04

жақын танысуға қалай қарайсыз? Біреудің әйелі (қызы) біреуге қыздай көрінеді, біреудің суы біреуге мұздай көрінеді демекші

+0
21 қараша 2012, 16:19

аулақ жүрші а

+0
21 қараша 2012, 13:29

Қыз кезіңде жігіт алақанында ұстайды, үйленген соң жігітті сен алақаныңда ұстайсың деуші ме еді? )) Жаны бар сөз :roll:

+0
21 қараша 2012, 17:01

меніңше ер азаматтарға байланысты, бес саусақ бірдей емес

+0
23 қараша 2012, 20:09

Мейіргүл дұрыс айтады :)

+0
24 қараша 2012, 13:25

Бақытты болу тек қызға немесе жігітке байланысты емес. Бірін-бірі түсініп сыйлай білсе бақыт ғой осы!!!
Қазақтың бар жастары бақытты болсын!!! :)

+0
25 қараша 2012, 15:16

әрине Еркін дұрыс айтады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...