Ұзақ ғұмыр кешемін десең - үйлен!

Ұзақ ғұмыр кешемін десең - үйлен!

Ғалымдар некенің ер кісінің денсаулығына, көңіл-күйі мен өмір сапасына тигізетін әсерін зерттеп, осындай шешімге келді. Тұрақты, бақытты отбасының басы болу - физикалық әрі рухани саулықты сақтап қалудың бірден-бір жолы. 

Ғалымдардың ұзақ жылдар бойы жинаған статистика нәтижесі үйленген жігіттердің өмір сапасы бойдақтарға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көрсетті.

Үйленген адамдардың қоғамдық дәрежесі әлдеқайда жоғары болады, олар жұмыс берушілерге көрнекті көрінеді. Нәтижесінде жұмысы не кәсібі жақсырақ жүреді.

Үйленген жігіттердің қосымша табыс көздері көп болады (әйелі жұмыс жасайды, немесе отбасына ақша табу мақсатында ерінбей, жаңа табыс көздерін іздейді).

Отбасылы кісілердің жақсы тамақтанатыны белгілі-ақ. Әйеліңіз аспаздық өнерін аямай, пайдалы, толыққанды тағаммен қамтамасыз етуге тырысады. Соның салдарынан үйленген жігіттердің диабет, инсульт, инфаркт және басқа да ауруларға шалдығу мүмкіндігі аз. 

Адал жарың болғанда, ылғи да қиындықтармен бөлісіп, кеңесетін жан бар болады. Эмоцианалды жақындық адамға қиындықтардан өткеруге көмек береді.

Зерттеулерге сондай-ақ егде жастағы кісілер қатысты. Бойдақ шалдардың ден саулығы да, көңілі де отбасылы кісілерден әлдеқайда кем. Статистика бойынша, үйленген ер кісілердің өмір жасы бойдақтарға қарағанда 7 жасқа ұзақ.

Өз некесін сәтсіз деп ойлайтын, не мүлдем үйленбегендер ауыр ауруларға жиірек шалдығады екен. Мысалы кең жайылған инсульт көбінесе бойдақтарда болады екен.

Бұл статистика онсыз-ақ түсінікті жайтты көрсетеді. Неке - адам өмірін ұзартады, оны бақытты қылады. Өмір сапасын жоғарылатып, күш береді.

Айта кетсек, ер мен әйелдерді салыстырғанда, әйелдерге некенің әсері әлдеқайда жаман екен.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mail.ru

С. А