Жүрек жұмысын қалай тексеруге болады?

Жүрек-қан тамырлар аурулары – өлімге әкелетін себептің бірі. Егер адамдар жүректерін жүйелі түрде тексертуді әдетке айналдырса, мұндай жағдайлар орын алмас еді. Ал жүректі өздігінше тексерудің жолы бар ма?

Егер ентікпе, бас айналу, тершеңдік және ісіну болса, ол жүрек мәселесін білдіруі мүмкін. Алайда жүрек-қан тамырлар аурулары өз белгілерін бірден көрсете бермейді. Сондықтан жүйелі түрде жүректі тексертіп тұру қажет. Сонымен қатар, егер сізде мынадай қауіп факторлары болса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек:

- диабет;
- туыстардың арасында жүрек-қан тамырлары ауруының болуы;
- темекі тарту;
- қозғалыссыз өмір салты;
- холестериннің жоғары деңгейі;
- жоғары қан қысымы.

Дәрігер жүректі тексеру үшін сізді электрокардиографияға (ЭКГ), магнитті-резонансты томографияға (МРТ) немесе эхокардиографияға жіберуі мүмкін. Алайда толық диагностика үшін бұл жеткіліксіз, сондықтан кей жағдайда басқа да зерттеу түрлеріне жібереді.

Жүректі өздігінше тексеру жолдары

Дәрігерге көріну қажет екендігін өздігінше білуге болады. Оның екі әдісі бар:

- Мартине сынамасы. Бұл тест жүрек-қан тамырлар жүйесі туралы жалпылама түсінік береді. Ол үшін 30 секунд ішінде 20 рет отырып тұру керек. Содан соң тамырдың соғуын тексеріп, нәтижесін жазып қойыңыз. Одан кейін 2-3 минут демалыңыз: бұл кезде жүрек қалпына келеді. Жүрек соғуын қайтадан өлшеңіз. Екі көрсеткішті салыстырыңыз. Егер оларда көп айырмашылық болмаса, жүрек жақсы жұмыс істеп тұр. 60-80% арасында жиілеу қалыпты айырмашылық болып саналады. Егер ол одан көп болса, жүрек жұмысы бұзылғандығын білдіреді. Оның себептері көп болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге көріну қажет.

- Штанге сынамасы. Бұл тест жүрек-қан тамырлар және тыныс алу жүйесі қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін анықтауға көмектеседі. Ол үшін 2-3 терең тыныс алып-шығару қажет. Содан соң терең дем жұтып, тынысты ұстау керек. Егер 40-50 секунд тыныс алмай тұра алсаңыз, ол жақсы нәтиже болып саналады. Егер 40-тан аз болса, жүректі үйден емес, дәрігерге барып тексеру керек.

Жүрек-қан тамырлары дертін алдын алудың 7 амалы