Еліміздің үздік ауруханалары анықталды

Еліміздің үздік ауруханалары анықталды
Фото: freepik.com

едициналық кадрлармен қамтамасыз ету және оларды сапалы даярлау маңызды мәселе болып саналады"-деген болатын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауында. Мықты маман үздік медициналық ұйымның қалыптасуына және халықтың сенімі күшеюіне алып келеді. Медициналық сақтандыру қоры Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингін жасады. Мемлекеттің тапсырысы бойынша халыққа 1404 мекеме қызмет көрсетеді екен.

– Серіктестіктің басты шарты – тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін жіті қадағалап отыру. Бақылауды тікелей қор өткізеді. Науқастарды емдеу не тексеру сапасы медициналық ұйымның жеке немесе мемлекеттік болғанына қарамастан бірдей болуы маңызды, –  делінген медициналық сақтандыру қорының хабарламасында. 

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың қадағалады. Мамандар медициналық көмек кезінде 218 мың ауытқушылықты анықтаған. 

– Медициналық көмектің сапасын бақылау қорытындысы бойынша стационарлы және станционарды алмастыратын медициналық мекемелердің рейтингін түздік. Тізім ұйымдардың нәтижие коэффициентіне байланысты жасыл, сары және қызыл үш аймаққа бөлінді. 58 медициналық мекеме қызыл аймаққа ілінді, – деп атап өтті МСҚ.

Бақылау барысында Қостанай қалалық ауруханасы, Балқаш Орталық ауруханасы, Нұр-Сұлтан Орталық жол емханасы мен Текелі қалалық ауруханасында бірқатар кемшіліктер табылды. Медициналық сақтандыру қоры бұл кемшіліктер үшін қаржыландыру көлемін азайтады. Жарты жылда игерілмеген 2,8 миллиард теңге негізгі бағыттар бойынша медициналық ұйымдар арасында үлестіріледі.

– Нәтижелі әрі сапалы жұмыс істейтін мердігерлердің тізіміне 98 медициналық ұйым енді. Сараптама қорытындысы олардың 70% жекеменшік клиника екенін анықтаған. Ал үздіктері мыналар: Шымкенттегі көз аурулары ғылыми-зерттеу институты, Жамбыл теміржол ауруханасы, Түлкібас орталық аудандық ауруханасы, Республикалық балаларды оңалту орталығы мен Ұлттық медициналық университеті, – деді медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов.

Көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру үшін медициналық сақтандыру қоры жасыл аймақтағы мердігерлерді ынталандырып, ал қызыл аймақтағыларға шара қолдануды жоспарлап отыр. 

– Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды хабарлауы маңызды, –  делінген медициналық сақтандыру қорының хабарламасында. 

А. Рысдәулет